30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы полиция тұрғындарды 102 қызметін "анықтама" ретіне пайдаланбауға шақырып, қоңырау шалу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел басқару орталығының «102» пультіне күніне 3 мыңға жуық телефон қоңырауы түседі. Оларды арнайы оқудан өткен 14 оператор өңдейді.
Талдау көрсеткендей, қоңыраулардың 25 % ақпараттық-анықтамалық мақсатта екен.
Төтенше жағдайлар қызметтеріне қоңырау шалу аса қажеттілікпен негізделуі керек екенін түсіну маңызды. «102» нөміріне қоңырау шалған кезде қажетті ақпаратты анық және дұрыс беріп, не болғанын түсіндіру керек. Осы кеңестерді орындау біреудің өмірін сақтап қалуға және жедел қызметті қате шақырмауға көмектеседі, - деді қалалық ПД Жедел басқару орталығының басшысы Зухраб Мырзағали.
Сондай-ақ орталық басшысы қоңырауларды қабылдау үшін Жедел басқару орталығы пайдаланатын жабдық автоматты режимде жұмыс істейтінін айтты.
Әрбір қоңырау кезек тәртібімен қабылданады. Көптеген қала тұрғындары жауап алу үшін бірнеше секунд күткеннен кейін телефонды қоя салады. Олар «102» нөміріне қайта қоңырау шалса, өздерінің қоңырауына бірден жауап береді деп қателеседі. Бірақ бұл жерде бағдарламаның автоматты екенін ескеру маңызды, адам факторы жоқ. Сіз қоңырауды үзіп, «102» нөмірін қайта тергенде, бағдарлама сізді кезектің соңына қарай бағыттайды. Сондықтан қоңырауды тастай салмай, оператордың жауабын күтуді ұсынамыз, - деді Зухраб Мырзағали.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды