Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық ұлан әскерлері ішінде тыйым салынған заттар бар ер адамды ұстау кезінде ол пакетті жеп қоюға тырысқан, деп хабарлайды El.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 23.25 шамасында ұландықтар Триатлон саябағының аумағында әскери жасақты көргенде жасырынбақ болған ер адамды байқайды. Оның бұл
әрекеті бірден күдік тудырған.
1990 жылы туған азаматты тоқтатып, сырттай тексеру жүргізгенде күртесінің қалтасында полиэтилен пакет табылды. Оның ішіндегі жағымсыз
иісті сұр-жасыл түсті заттың есірткі екені анықталды.
«Біз патрульдеу бағытын айналып өтіп, саябақ аумағында өзін сезікті ұстаған жігітті көріп қалдық. Құжаттын тексергіміз келген еді, ол бізден
қашып, полиэтилен пакеттің ішіндегісін тез-тез жеп тастауға тырысты, бірақ ұстап үлгердік», - дейді әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Мереке Жұбанышбек.
Оқиға Астана қаласы Полиция департаментінің тергеуге дейінгі бірыңғай реестріне тіркелді.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?