18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары Алматы және Астана қалаларының патрульдік полициясының жеке құрамына нұсқаулық өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Марат Қожаев пен Игорь Лепеха еліміздің екі қаласында қоғамдық тәртіпті және халықтың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің дайындығын тексерді. Олар қоғамның сұраныстарына ден қойып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге, сондай-ақ сыпайы мінез-құлық пен этикалық нормаларды сақтауға бағытталған полицияның сервистік моделі аясындағы жұмысты еске салды. Сондай-ақ полицейлердің заңдылық пен тәртіпті сақтауына ерекше назар аударылды.
ІІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады. Айта кету керек, аталмыш пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарлануда. Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр