20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола полицейлері автожолда төгілген лак-бояу материалдарына байланысты Астанаға 1000-нан астам автокөлікті алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 шілдесінде "Астана-Петропавл" автожолында 8 тоннаға жуық лак-бояу материалын тасымалдаған Volvo маркалы жүк көлігі аударылды. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Астана-Петропавл" республикалық автожолында жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Ақмола облысының полицейлері автокөліктерді алып жүруді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Автожолда көлік қозғалысы шектеулі.
Полицейлер жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұрайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?