6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАуа райының қолайсыздығынан трассада қалып қойған 800-ге жуық автокөлікті полицейлер Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
POLISIA.KZ Телеграм-арнасының мәліметінше, қарлы боран салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданды. Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылды, жақын маңдағы елді мекендерде жылыту пункттері белгіленді, қосымша экипаждар енгізілді. Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің жиналуы пайда болды.
«13 қаңтарда полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.
Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді», - деп жазды ақпарат көзі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі