23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Абай облысы Жарма ауданының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларды белсенді түрде пайдалануда. Соның бірі – жергілікті полиция қызметінің қарамағындағы дрон, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауылдық жолдарда жүргізілген рейдтер барысында тәртіп сақшылары дронның көмегімен жол ережелерінің сақталуын бақылап, жылдамдықты асыру, рұқсат етілмеген жерде басып озу сияқты жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарды анықтап отырады.
Дрондарды қолдану құқық бұзушылықтарды жедел анықтап, олардың салдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәсіл жүргізушілер арасында тәртіпті арттырып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді. Полицейлер қызметі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды қолдануды жалғастыруда,-деп атап өтті облыстық полициядан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік