23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЖетісу облысында полицейлер тауда жоғалып кеткен Латвия азаматтарын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау тауында төтенше оқиға орын алды: Латвиядан келген екі турист күтпеген жерден жолдан адасып, топпен байланысын жоғалтып алған. Салдарынан ауқымды құтқару операциясы орындалды.
Қазақстанға туристік фирма арқылы келген туристер Басши ауылынан 44 шақырым жерде орналасқан тау сілемін тамашалауға жолға шыққан. Алайда олар бағыт-бағдар мен байланысты жоғалтқан. Таудағы ауа-райының бұзылуы мен қараңғының түсуі жағдайды қиындатты.
Жоғалғандарды іздеуге Кербұлақ аудандық полициясы, ТЖД, еріктілер мен орманшылар жұмылдырылды. Операцияға тікұшақтар мен дрондар тартылып, таулы жерді әуеден мұқият зерттеуге мүмкіндік берді.
Үмітін үзген туристер күтпеген жерден тікұшақтың дауысын естіп, белгі бере бастады. Көп ұзамай учаскелік полиция инспекторлары оларды анықтаған. Қажетті көмек көрсеткен құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге шығарып салды.
Туристер оларды құтқаруға атсалысқандардың барлығына алғыстарын білдіріп, қазақстандық полицияның жоғары кәсібилігін атап өтті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады