23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан полицейлері армениялық әріптестерімен бірігіп, адам өлтіруге оқталды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Армения Республикасының полицейлері СҚО полицейлерімен өзара әрекеттесе отырып, өз елінде кісі өлтіруге оқталғаны үшін іздеуде жүрген мемлекетаралық іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады.
Қыркүйек айының соңында Петропавл қаласындағы көпбейінді үшінші қалалық ауруханасына бірнеше пышақ жарақаты бар қала тұрғыны түсті. Медицина қызметкерлерінен хабарлама алғаннан кейін полиция дереу қылмыскерді анықтау және ұстау шараларын қабылдады.
Бейнебақылау камераларының арқасында жедел қызметкерлер күдіктіні анықтады, бірақ ол қылмыс жасағаннан кейін Ресей Федерациясы жақтан шекарадан өтіп кеткен. Ер адамға мемлекетаралық іздестіру жарияланды. ТМД елдеріндегі әріптестерімен жедел ақпарат алмасу кезінде күдіктінің жолын қадағалау мүмкіндігі туды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда оны ҚР-ға экстрадициялау шаралары жүріп жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады