6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысында полицейлер бүтін бір отбасын ажалдан арашалап, өрттің арасынан алып шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 9 сәуір күні сағат 06:45-те «102» пультіне Центральный шағын ауданындағы № 2Б үйінен қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қоңырау шалған адам өртеніп жатқан пәтерде тұрғындар бар екенін айтып, шұғыл көмек көрсетуін сұрады.
Тез арада оқиға орнына жеткен «Әскер 5» автопатрулі полиция батальонының қызметкерлері — Дәурен Түкеев пен Есен Сапар екінші қабатқа көтеріліп, түтіннің ортасында қалған 5 адамды сыртқа шығарды. Құтқарушылар алдымен пәтерден 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш баланы алып шықты. Кейін полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында балалардың ата-анасына да көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі