Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЕлордада полицейлер 40-қа жуық азаматқа жалған билет сатқан алаяқты анықтады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады.
Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында болған. Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған.
Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген. Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар