23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақтөбе соты полиция қызметкеріне пара беруге тырысқан ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік жүргізу құқығы жоқ және алкогольдік масаң күйде болған ер адамды полиция қызметкерлері тоқтатқан. Жазаға тартылмас үшін ол патрульдік көлік ішінде инспекторға 10 000 теңге көлемінде пара ұсынған. Полицей парадан бас тартып, ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғаған.
Іс жеңілдетілген тәртіпте қаралды, өйткені айыпталушы өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сотталушы тағылған айыптар мен дәлелдемелермен толық келісетінін мәлімдеді.
Соттың шешімі бойынша, ер адам кінәлі деп танылып, оған параның 15 есе мөлшерінде 112 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды. Жазаны жеңілдететін жағдай ретінде сотталушының шын жүректен өкінуі және кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік