Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы облысы Іле ауданында жүк көлігін тізгіндеген мас жүргізуші аялдамаға соғылып, екі адамды мерт қылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылында болған.
Патрульдеу кезінде “Беркут-35” экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас халде болуы мүмкін екеніне күмәнданған. Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, қаша жөнелген.
Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам автобус аялдамасына қатты жылдамдықпен соғылған. Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежедегі мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген облыстық ПД мәліметінде.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары