22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТалдықорған маңында белгісіз бір адам пневматикалық қарудан оқ атып, иитті екі жерден жаралайды. Артынша ізін суытып, тастап кетеді. Джек есімді төбет бірнеше күн қараусыз қалады. Кейіннен оны ауыл тұрғыны тауып алып, волонтерлерге табыстайды. Оқиға 2 ай бұрын болса да, құқық қорғау орындары қозғала қоймаған.
Екі жерінен оқ атқан
«Мысық пен ит» қоғамдық қоры әлеуметтік желіде дабыл қағып жатыр. Өйткені Джекті мал дәрігеріне апарғанымен, жұлындағы екі оқты алмайды. Өйткені өміріне қауіп төнуі мүмкін. Қазір ем-дом жүргізіп жатыр. Бірақ осы уақытқа дейінгі ем волонтерлердің қалтасына салмақ түсіреді. Олар елден көмек сұрап отыр.
Бұл оқиға 14 ақпан күні Еркін ауылында болған. Итті атқан адам жайлы хабар жоқ.
Жануарға зәбір көрсетуге жол жоқ
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин жануарларға жәбір көрсеткендердің жауапкершілігін күшейту жөніндегі заң жобасы аясында бірқатар маңызды өзгерістер ұсынылғанын атап өтті. Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев қойған тапсырмаларға сәйкес әзірленген. Мемлекет басшысы жануарларға қатыгездік үшін жазаны күшейтуді және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыруды талап еткен еді.
Депутаттың сөзінше, жануарға зәбір көрсету қоғамда резонанс тудырған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу ұсынылған.
Атап айтқанда:
Жаңбыршиннің айтуынша, Үкімет бұл ұсыныстарға оң бағасын берген, алда екінші оқылымда пысықталады.
Біз Президент тапсырмасын орындауға міндеттіміз. Бұл – тек құқықтық мәселе емес, болашақ ұрпаққа үлгі болатын маңызды қадам. Жануарларға қатыгездік танытқандар заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады, – деді депутат.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев