Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖасанды интеллект әлеміндегі ең беделді тұлғалардың бірі, әйгілі Google Research-тің бұрынғы директоры, әлемдегі №1 AI оқулығы «Artificial Intelligence: A Modern Approach» авторларының бірі Питер Норвиг Қазақстанның жоғары білім, ғылым және технология бағытындағы реформаларын жоғары бағалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол бұл пікірін Кай-Фу Лидің шақыруымен Қазақстан Президенті жанындағы ЖИ дамыту кеңесіне қатысқаннан кейін айтты.
Питер Норвигтің айтуынша:
* Қазақстан – мұнайлы ел, бірақ экономикасын ИИ бағытына батыл бұрып отырған мемлекет.
* Елдің демографиясы жас, жастар технологияға қатты қызығады.
* Білімге ерекше көңіл бөлінген: қазір елде 30-ға жуық шетелдік университет филиалдары жұмыс істейді.
* Қазақстан иммиграция шектеулерін дұрыс пайдаланып, шетелдік студенттерді көп тартып жатыр, өз студенттерін де халықаралық деңгейде оқытуда.
* Startup экожүйесі венчурлық капиталға емес, мемлекеттік гранттарға сүйенеді — бұл ерекше модель, бірақ нақты нәтиже беріп жатыр.
* Елде алғашқы «единорогтар» пайда болды.
Ең маңыздысы — Үкімет ұзақ мерзімді, байыпты курсты ұстанып отырғанына қоғамды сендіре алған.
Норвигтің айтуынша, Қазақстан билігінің айқын бағыты, тұрақты саясаты және технологияға салған инвестициясы елдегі инновациялық экожүйенің жылдам өсуіне жағдай жасап жатыр.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек