29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы қаласының тұрғыны ірі сауда желілерінің бірінен сатып алған еттің сапасына күмән келтірді. Оның айтуынша, өнімнің бетінде әдеттен тыс қара дақтар байқалған. Осыдан кейін ол етті тағам әзірлеуге пайдаланбай, тастап жіберген.
Малика Садбекова супермаркеттен ет сатып алып, үйіне барған соң өнімнің бетінде қою түсті, ағып кеткен іздерге ұқсас дақтарды көргенін айтты. Оның сөзінше, мұндай көрініс күмән тудырып, етті пісіруге батылы жетпеген.
Кеше ет сатып алдым. Мұндай іздерді алғаш рет көріп тұрмын. Пісіруге тәуекел етпедік, тастап жібердік, – деп жазды ол әлеуметтік желіде өнімнің суретін жариялап.
Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылады. Пікір қалдырғандардың бірі өзін қасапшы ретінде таныстырып, мұндай дақтардың бірнеше себебі болуы мүмкін екенін айтқан. Оның болжамынша, бұл тірі кезінде пайда болған гематома, ұйып қалған қан немесе ең нашар жағдайда малдың дұрыс сойылмауының белгісі болуы ықтимал.
Супермаркет не деді?
Сауда орны сатып алушымен өздері байланысқа шығып, чек пен байланыс нөмірін сұратқан. Ресми жауапта дүкен өкілдері етті бөлшектеу кезінде қызметкерлердің қатысуымен тексерілетінін, бөгде иісі мен жабысқақ беті болмайтынын мәлімдеді.
Сауда желісінің түсіндіруінше, ет бетіндегі бөліністер өнімнің табиғи қасиеттеріне жатады және денсаулыққа қауіп төндірмейді. Осындай жағдайларда сатып алушыларға тауарды тастамай, түбіртекпен бірге дүкенге қайтарып, ауыстыру немесе ақшасын қайтару ұсынылады.
Малика ешқандай қайтарым талап етпегенін, алайда дүкеннің өзі хабарласып, кейін өнімнің сапасы дұрыс екенін айтып әңгімені аяқтағанын жеткізді. Оның айтуынша, не үшін байланысқа шыққандарын өзі де түсінбей қалған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек