Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОтандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елімізде жасанды интеллект технологияларын қарқынды енгізу жалғасуда.
Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс – көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ. Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.
Біз мұндай қызметті ТМД бойынша бірінші болып іске қосамыз деп сенемін. Егер мемлекет қолдау білдірсе, сынақ кезеңін 2026 жылы бастауға, ал 2027 жылы толыққанды сервисті пайдалануға беруге дайынбыз. Жалғыз ғана қиын тұс – Қазақстанда әзірге жоқ 3D-навигацияны құру, — деді Jet Sharing компаниясының негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек