Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАтақты суретші Пабло Пикассоның «Гитарасы бар натюрморт» атты картинасы Испанияның Гранада қаласында өтетін көрмеге жеткізу барысында із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Granada Hoy газеті хабарлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Туындының жоғалғаны барлық экспонаттар көрме залына орналастырылғаннан кейін ғана анықталған.
25 қыркүйекте картина басқа жұмыстармен бірге қоймаға қойылып, көрмеге жіберуге дайындалған болатын, – делінген басылым материалында.
Журналистердің мәліметінше, Пикассоның туындысы Мадридтен Гранадаға жеткізілер алдында бірнеше күн қоймада сақталған. Экспонаттар жолда Дейфонтес елді мекенінде түнеген. Тасымалдау кезінде қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілгеніне қарамастан, полиция картинаның нақты қай сәтте жоғалғанын анықтай алмай отыр.
Көрмені ұйымдастырған CajaGranada қорының өкілдері барлық өнер туындылары жүк көлігінен сәтті түсірілгенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, тасымал бейнебақылау арқылы қадағаланып отырған, ал көрме менеджері мен көлік компаниясының қызметкері экспонаттарды бірге тексеріп, бәрі орнында екенін растаған.
Алайда кейін белгілі болғандай, дәл осы сәтте «Гитарасы бар натюрморт» жоғалып кеткен. Картина 600 мың еуроға сақтандырылған.
Қазіргі уақытта испан полициясы туындының қайда кеткенін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова