Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының тәуліктік стационарында 7 ай ішінде 11 143 пациент ем алған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 1055 адамға көп, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың ішінде ең сұранысқа ие – кардиология, терапия және оториноларингология бөлімі. Былтыр да алдыңғы үш орын дәл осындай ретте болған.
Сонымен қатар тәуліктік стационарда жасалған операциялар саны 6535-ке жетіп, 2023 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті.
Ақылы қызметтер бойынша 7 ай ішінде оториноларингология мен көз микрохирургиясына сұраныс ең көп болған – 179 пациент. Екінші орында гастроэнтерология, эндокринология бөлімдері тұр (159 пациент). Кардиолог мамандардың көмегіне жүгінгендер саны – 113 адам. Сұранысқа ие қызметтер қатарында кардиоңалту, гинекология, соматикалық бөлім, терапия да бар екенін атап өткен жөн.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары