Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОсы аптада ҚР ПІБ Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері өтті. Медорталықтың нейрохирург, аритмолог, гинеколог, пульмонолог, уролог және басқа да білікті мамандары 28 операция жасап, 370-тен астам адамға консультациялық көмек берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер Түркістан өңірінде бұрын-соңды жасалмаған күрделі операцияларды сәтті өткізгенін, олардың көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ауыр диагнозы бар науқастар екенін айта кетейік. Бұдан бөлек, елордалық және алматылық мамандардың 51 презентациясы мен шеберлік сабақтарына 900-ден астам адам қатысты.
Сапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Апта ішінде Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері жергілікті әріптестеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек тақырыбында бірқатар презентация жасады. «Оқжетпес» ЕСК АҚ Алматы филиалының өкілдері Түркістан облысының халқы мен кәсіпкерлерін «Оқжетпес» шипажайлар брендінің медициналық мүмкіндіктерімен және оңалту бағдарламаларымен таныстырды.
Іс-шара ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен, облыстық әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен өтіп жатқанын айта кетейік. Биыл екінші рет өткізіліп отырған ауқымды жоба аясында Медорталық мамандарынан құралған делегация бұған дейін Қарағанды, Павлодар облыстарына барды. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірлері қамтылуға тиіс.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?