23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы жаңа қызметтерді қосты, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында 7 қосымша медициналық қызмет көрсетілетін болды. 2022 жылғы 26 қыркүйектен бастап рентгендік диагностика, аллергология және стоматология бойынша ақылы медициналық қызметтер бағасының тізімі толықты.
2022 жылғы 23 тамызда ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында көрсетілетін ақылы медициналық қызметтердің бағалар Прейскурантына өзгерістер енгізілді. Айталық, рентгендік диагностика бойынша мынадай қызметтер қосылды: бір сүтбездің томосинтезі; екі сүтбездің томосинтезі; контрастты маммография; 2D тік проекциядағы екі сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі; 2D тік проекциядағы бір сүтбездің маммографиясы + қиғаш проекциядағы екі сүтбездің томосинтезі. Аллергология бойынша жаңа медициналық қызмет – портативті спирометрде сыртқы тыныс алу функциясын өлшеу, ал стоматология-имплантология бойынша Кореялық қызыл иекті қалыптастырғышты орнату қызметі енгізілді.
Қосымша ақпарат Медициналық орталығы ауруханасының ресми сайтының www.bmcudp.kz «Қызметтер» бөлімінде көрсетілген.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік