Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Ғаламтор беттерінде Pfizer-BioNTech өндірген вакцинаның клиникалық сынақтарына қатысқан 270 жүкті әйелдің біреуі ғана дені сау бала туғаны туралы ақпарат тараған еді. Қалғандары түсік тастаған. Бұл жалған,- деп хабарлайды El.kz ақпарат порталы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш ақпарат осы жылдың қаңтар айында желінің ағылшын тілді сегментінде жарияланған екен. Ағылшын тілінде жарық көрген мақалада 270 қатысушының 238-і белгісіз себептермен сынақтан шығып кеткені айтылған. Қалған 32-нің біреуі ғана сау баланы дүниеге әкелген деп жазылыпты.
Бұл мәліметтерді автор Pfizer-BioNTech-тің «5.3.6 2021 жылғы 28 ақпанға дейін алынған PF-07302048 (bnt162b2) жағымсыз құбылыстар туралы тіркеуден кейінгі хабарламаларға жиынтық талдау» құжатынан алғаны жазылады.
Reuters порталының фактчекерлері Техас университетінің оңтүстік-батыс медициналық орталығындағы Ана мен бала медицинасы кафедрасының доценті Эмили Адхикаримен сқхбаттасқан. Ол Pfizer-BioNTech-тің түпнұсқа құжатымен танысып, 238 қатысушының сынақтан шықпағанын, әлі де бала көтеріп жүргенін, сондықтан клиникалық сынақтар кезінде жүктіліктің нәтижесі туралы айта алмағандарын түсіндірген.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды COVID-19 қарсы вакцинациялауды бастамас бұрын препараттар толық клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерден өткені айтылады. «Бүгінгі таңда бұл процедура қауіпсіз және мерзімінен бұрын босану немесе ұрықтың дамымай қалу қаупін арттырмайды деп айтуға ғылыми негіз жеткілікті.
Демек, Pfizer вакцинасының клиникалық зерттеулерінің барлық қатысушылары түсік тастады деген ақпарат – фейк және манипуляция»,- деп жазады stopfake.kz.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік