29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Петропавл қалалық ішкі істер басқармасында Қазақстан Халықтарының тілдер фестивалі аясында Тілдер мерекесі өтті.
Оған осы құрылымда қызмет ететін әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысты.
Бұл шара қалалық ішкі істер басқармасында жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Осы жолғысында қызметкерлер кәріс, неміс, татар, қазақ, өзбек және армян ұлттарының киімдерін, тағамдары мен салт дәсүрлерін көрсетті. Көбі үйлену тойлары мен бала тууға қатысты салттар болды.
Мысалы, неміс ұлты қызға сөз салғанда жүзікті арнайы пісірілген нанның ішіне тығады екен. Ал өзбек халқында жас жұбайлар айнаға бірге тұрып қараса бақытты болады деген ырым бар.
Жиналған жұрт сондай ақ ұлттық тағамдардан да дәм татты. Өзбек палауы, қазақтың женті мен құрты, бауырсағы, немістердің тәтті тоқаштары кімді де бей жай қалдырмады. Шара соңында жеті тілде ән шырқалып, ұлттық билерден де үзінділер көрсетілді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек