6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПетропавлдағы жылу электр орталығында (ЖЭО-2) салынып жатқан түтін мұржасы қисайды. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі нысандағы құрылыстың тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Севказэнерго« АҚ мамандары мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтаған. Мердігер ұйым - «Қазтеплоспецстрой» ЖШС. Мұржаны салу жұмыстары дереу тоқтатылды.
Енді құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні есептеуден кейін белгілі болады. Барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, жаңа қалып салынады. Құбыр құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталады.
Құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуға тиіс. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталып, келесі жылы іске қосылуы керек еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі