Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПетропавлда 16 жастағы жасөспірімді автобус қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
15 сәуір Петропавл қаласындағы Қизатов көшесінде Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жасар қыз баланы қағып кетті.
Медициналық көмек көрсету үшін жол-көлік оқиғасы орнына жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз бала түрлі жарақаттарымен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.
Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша маршруттық автобустың жүргізушісі мас емес.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинауда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар