12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПетропавлда өткен түнде электроқшаулағыш заттарын шығаратын кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қарашадан 18-іне қараған түні сағат 03.00 шамасында Петропавлдағы Крепостной көшесіндегі «Изолит» ЖШС-нің бір қабатты ғимаратында өрт шықты. Кәсіпорындағы техникалық шахтада тұрған лакты мата және электроқшаулағыш материалдар шығаратын қондырғыдан ұшқын ұшқан екен.
«Өрт сөндірушілер келгенде жалын 144 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген екен. Ғимараттың бетон қабырғалары биік, 12 метр. Оқиға орнынан 4 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт тек таңғы сағат 05,36 минут кеткенде толық сөндірілді», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер