2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСолтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СҚО-да Заречный және Былғары кентінің, Ойқаланың, Тепличное, Прибрежное және Бескөл ауылдарының тұрғындары уақытында эвакуацияланды.
Ең бастысы, бәрі аман. Өйткені адамның өмірі бірінші орында. Мемлекет басшысы зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуді тапсырды, - деді өңір басшысы кездесу барысында.
Ереже бекітіліп, комиссиялар құрылды. Барлығы толық өтемақы алады. Бұл облыстың тарихындағы ең алапат су тасқыны. Барлығы үшін қиын сынақ.
Қаламызды табиғи апаттан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Дегенмен, биыл бізге мол су келді, әлі де келіп жатыр. Су тасқынымен күресу үшін барлық шаралар жасалуда, - деді СҚО әкімі.
Сонымен қоса, кеше облыс орталығы сусыз қалды. Өңір басшысы мұздың қатты жылжуы салдарынан бірінші көтергіш сорғы станциясындағы төрт қуат желісі жойылғанын атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасуда. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қосымша сумен қамту желісі іске қосылды. Үйлердегі судың қысымы бірте-бірте көтерілуде. Қаладағы су жүйесі қалпына келуде.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс