Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПетропавл қаласының су басқан шағын аудандарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жаңа үйлер салынуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кожевенный, Ойқала шағын аудандарында аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгіннен бастап аталған аудандарға қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін механикалық бригадалар мен техникалар барады. Сондай-ақ, Солнечный-2 шағын ауданында зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 10 жергілікті құрылыс компаниясы 100 тұрғын үй салып жатыр, - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, жаңа шағын ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 500 үй салынады. Барлық жұмыстар суық түскенше аяқталмақ.
Жалпы, 3 898 үйді су басты, 2 830 үй су астында қалды. 14 388 адам эвакуацияланды, олардың 5567-сі үйлеріне оралды.
Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3 897 өтініш түсті. 3 443 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд 271 млн теңгеден асады. 390 үй зерттелді, 148-не бағалау жүргізілді, - деді спикер.
Облысқа республика өңірлерінен, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Тәжікстаннан 1 473 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары