Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Петропавлда осыдан бір ай бұрын су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Петропавловск.news-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер сүңгуірлердің 34 жастағы қала тұрғынының денесін тапқанын растады.
Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда су басу кезінде ер адамның жоғалып кеткені белгілі болды. Сәуірдің 13-і күні Подгора шағынауданын бөгеттен аққан су басып, тұрғындардың бірі ағасының жоғалып кеткенін хабарлаған.
Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік