Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПетропавл қаласында су құбыры жарылып, кейбір аудандар сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz қала әкімінің жеке парақшасына сілтеме жасап.
Құрметті қала тұрғындары! Жұмабаев көшесіндегі су құбыры жарылды. «Қызылжар су» ЖШС апаттық бригадасы оны жою жұмыстарын бастады. Мен апат орнында жүрмін. Су құбырын жапты, мамандар апаттың себебін анықтап жатыр. Қазіргі сәтте қаланың көп бөлігінде су қысымы төмендетілді, - деп жазды қала басшысы Руслан Анбаев.
Шамамен 15 үй сусыз қалғаны белгілі болды. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы мен «Севказэнерго» АҚ ғимараттарына су беру уақытша тоқтатылған.
Қала сусыз қалмайды. Бірнеше сағат ішінде біртіндеп су қысымын көтереміз. Апат болған аймақтағы тұрғынүйлер мен әлеуметтік нысандарға су тасымалданады, - деді Руслан Анбаев.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары