6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПетропавл қаласында орналасқан «Парковая» сауықтыру кешені қою түтіннің астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-ка сілтеме жасап.
Өткен түнде басталған өрт толық сөнбей қалып, екінші күні таңертең мамандар тағы да сол нысанда жұмыс істеді. Қаза тапқандар, зардап шеккендер жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы «Парковая» сауықтыру кешенінде өрт шыққандығы туралы хабар 14 қаңтарда сағат 23:45-те түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде нысан отқа оранған. Мамандар жалынмен үш жақтан күресіп, сағат 2:00 шамасында сөндірді. Оқиға орнында 41 адам, 11 техника жұмыс істеді.
«Өрттің салдарынан от жағу бөлмесі, демалыс бөлмесі, кір жуатын бөлме жанып кетті және кешеннің шатыры толықтай зақымданды. Өрт жалмаған аумақ – 160 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ», - делінген хабарламада.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі