Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБиыл Солтүстік Қазақстан облысының татарлары Сабантой мерекесін ерекше атап өтті. Себебі, СҚО «Дуслык» татар-башқұрт орталығына биыл 30 жыл толуда.
Қала алаңында жаңбырлы ауа райына қарамастан, көңіл көтеріп, би билеп, ән шырқаған жүздеген адам жиналды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Руслан Әлішев, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, орталық басқармасының мүшелері, ақсақалдар мен құрметті қонақтар ізгі тілектерін арнады.
Концерттік бағдарламаға қатысу үшін Татарстан Республикасы мен Көкшетау қаласының әртістері арнайы келді. Жергілікті орындаушылар да жиналған қауымды жаңа репертуармен қуантты.
Мұнда ұлттық ойындар, спорттық жарыстар алаңдары, сондай-ақ қала тұрғындары татар ұлттық мәдениетіне жақындай алатын сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік