28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПетропавл қаласында полиция офицерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиындар аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әр өңірден келген полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен ҰҰ академиясында кәсіби деңгейді арттыру бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды. Басшы құрамның офицерлері жігіттік шақтағы өткерген әскери өмірге бір сәтке оралды. Казармада тұрып, сарбаздық өмірдің қатаң тәртібін, саптық дайындығын және асханасын естеріне түсірді. Оларға ІІМ оқу орындарының үздік оқытушылары сабақтар өткізді.
ІІО-да кадрлық және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге арналған жиындар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру, полицияның сервистік моделін енгізу, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін, кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді, - дейді ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?