Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Петропавл қаласының Достық үйінде орыс мәдениетінің облыстық фестивалі өтті.
Облыстық филармонияның ішекті аспаптар оркестрінің әртістері орыс халық шығармаларын орындап, іс-шараны салтанатты түрде ашты. Сондай-ақ, концертке облыс аудандарының шығармашылық ұжымдарының әртістері де қатысты. Олар көрермендерге жақсы ән мен тәтті күймен көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз өнерлерімен тәнті етті.
Қатысушылар орыс мәдениетіне халық әндері, жарқын костюмдер мен музыкалық аспаптар арқылы жақындай алды. Кеш барысында жиналған қауымды «Звонница – наследие» балалар вокалдық тобы өз шығармашылығымен қуантты. Бұл ұжым халық шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа қалай жалғасатынынң айқын көрінісі. Бұл мереке әр халықтың мәдениеті өзінше бірегей екенін және де Қазақстан халқының жалпы тарихымен үйлесетінін тағы да дәлелдегендей болды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік