Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыОсыдан бірер күн бұрын Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтаса, бұл жолы жантүршілерлік жағдай Петропавлда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалған.
СҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 мамыр күні күндіз болған.
Екеуара кикілжің туындап, №44 мектеп оқушысы қаладағы колледждердің бірінің студентіне пышақпен шабуылдаған. Жасөспірім ізін суытпай қолға түсті. Оның мұндай әрекетке неліктен барғаны анықталып жатыр.
Күдікті Петропавл полициясы басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген СҚО Полиция департаменті таратқан мәліметте.
Бұл бір аптаның ішіндегі осындай екінші жағдай. Естеріңізде болса, 13 мамыр күні Павлодар мектептерінің бірінде оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтаған болатын.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар