6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПетропавлда бес мың адамға қызмет көрсететін емхана жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер медициналық мекемедегі ішкі температура 10-12 градустан аспағанын айтып отыр. Өздері де қат-қабат киіммен науқастарды қабылдауға мәжбүр. Мекеме басшылығы жылудың қысымын арттыру үшін барымызды салып жатырмыз деп мәлімдеді. Сөздерінше, 85 жылдық тарихы бар ғимарат құбырының тозығы жеткен. Сол себепті қызметкерлерді жаңадан тұрғызылып жатқан емханаға көшіру жоспары бар екен.
№ 2 Петропавл қалалық емханасы директорының міндетін атқарушы Дәмелі Жантасова жылудың жоқтығы гинекология бөлімшесіне айтарлықтай зардабын тигізіп жатқанын айтады. УДИ-ге киімсіз кіретін аяғы ауыр әйелдер тоңып, ауру жамап аламыз ба деп қорқады.
Басшылықтың сөзінше, мәселе тез арада шешімін таппақ. Кабинеттері суық гинекология бөлімшесі төменгі қабатқа түсірілмек.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі