Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Петропавлдағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетінде неміс мәдениеті күндері өтуде.
Оның шеңберінде би биленіп, ән шырқалып, тәтті-дәмділер мен түрлі бұйымдар көрмеге қойылды. Шара аясында студенттер неміс халқының тарихы, салт-дәстүрі және ас мәзірімен танысты.
Олардың арасында көпшілікке танымал кребль де бар. Бұл кәдімгі бауырсаққа ұқсайды. Бірақ, атауы мен пішіні басқаша. Мұнда немістердің дастарханынан түспейтін бәлішті де кездестіруге болады.
Эльвира Родина – «Видергебурт» неміс этномәдени орталығының мүшесі:
– Бәлішті әжелерімізден қалған рецепт бойынша жасаймыз. Оны барлығымыз сүйсініп жейміз. Әсіресе, балаларымыз бен немерелеріміз жақсы көреді. Сондықтан, оларға үнемі таңғы асқа дайындап береміз. Тағы, бәлішті мерекелерде әзірлейміз.
«Полька» деп аталатын флешмоб мерекелік кешті өзінше жандандырды. Мұнда студенттер неміс халқының ұлттық биін бір кісідей билеп, ән шырқалды. Тағы жастар қызыққа толы ойындарды да ойнап жатыр.
Ал мына жерде немістердің Рождество мерекесінен сыр шертетін түрлі бұйымдарды көруге болады. Мәселен, бұл 4 майшам тұратын гүлдесте. Ондағы майшамдар бір-бірден желтоқсанның 25-іне дейін әр жексенбіде жағылады екен. Оның өзіндік мәні бар. Мұндай дәстүр қараңғылық пен жамандық атаулы жанұямыздан кетіп, төрімізге жақсылық кірсін дегенді білдіреді.
Людмила Гривенная – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі:
– Іс-шараның мақсаты – студенттерге неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыру. Менің ойымша, бұл жиын ұл-қыздарға ұнады. Енді қазанның 25-сі күні университетімізде Герольд Бельгердің 85 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізбекшіміз, ал 24 қазанда діни ағымдар жайлы сөз болады.
Университет қабырғасында неміс мәдениеті күндері қазанның 25-і күні аяқталады. Кейін мұндағы студенттер үнді халқының тарихы, салт-дәстүрімен кеңірек танысуға мүмкіндік алмақ.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды