Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПетропавлда мерекелік демалыс күндері «102» арнасына 1800-ден астам қоңырау түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, Петропавлда өткен мерекелік демалыстарды полицейлер тыныш деп бағалады. Дегенмен, мереке күндеріне тән оқиғалар болды. 31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін тыныштықты бұзу бойынша 31 шақырту тіркелді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдар мен тәртіпсіздіктерге қатысты 62 қоңырауға жауап берді.
Жалпы, бес күн ішінде «102» жедел арнасына 1880 қоңырау түсті. Мүлікті ұрлаудың 7 және алаяқтықтың 7 фактісі тіркелді.
Петропавл қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Олар мереке күндері 181 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 124 дерек – жол қозғалысы ережелерін бұзу, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, ұзақ демалыс күндері қала көшелерінде 38 түрлі оқиға тіркелген.
Полицейлер ауа райының құбылмалы жағдайына байланысты жүргізушілерді ерекше сақ болуға шақырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді