10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПетропавлда ер адам су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек таратып жатқанын телефон арқылы видеоға түсірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның бұл әрекеті жергілікті имамға ұнамай, оған ескерту жасайды. Белсенді бұл сынға қатты жауап беріп, дін қызметкерін соққыға жыққан.
Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша қозғалған іс қаралды. Cотта 2024 жылы 15 сәуірде сағат 15:00 шамасында Петропавл қаласындағы облыстық Қызылжар мешітінде азамат Р. көп адамның көзінше жанжал шығарып, азаматтарға дөрекілік танытып, ақыры имамды бетінен жұдырықпен екі рет ұрғаны анықталды.
Ол осы арқылы ұсақ бұзақылық жасап, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады деп танылды, - делінген сот хабарламасында.
Сот шешімімен сотталушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді