Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПетропавлда синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан әйел сотталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткіні арнайы орынға жасырып, сатқаны үшін Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны сотталды. Оған 10,5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Полицейлер есірткі жасырушы әйелді өткен жылдың күзінде ұстады. Қылмыскерде өзімен бірге арнайы орындарға жасыруға дайындап қойған синтетикалық есірткі салынған 20 орама болған. Оның пәтерінен жалпы салмағы 1 кг 113 грамм болатын аса ірі мөлшердегі α-PvP немесе тұз деп аталатын қауіпті есірткі тәркіленді. Мұны әйелдің Астанадан әкелгені анықталды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеуде.
Полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арналары мен сату фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің санкциясына сәйкес 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза көзделген. Жыл басынан облыста соттар есірткі саудалаушыларға қатысты 10 үкім шығарды, - деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары