Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПетропавлда әскерге шақырылғандардың арасында екі жігіт бөлімге бара жатқан жолда пойыздан қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 27 сәуір күні кешкі уақытта болған.
Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Қарағанды облысының 85510 әскери бөліміне қызмет өткеру үшін жаңадан шақырылған 2003 және 2004 жылы туған мерзімді әскери қызметшілер Петропавл қаласының станциясында «Самара-Қарағанды» пойызына отырып, сағат 19:39-да вагоннан рұқсатсыз, белгісіз уақытта шығып кеткенін мәлімдеді.
Құсайынов пен Коваленко Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының 2024 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығына сәйкес «жеке» шенімен міндетті әскери қызметке шақырылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2024 жылғы 29 сәуірде тіркелді.
Қатардағы жауынгер Құсайынов пен Коваленкоға іздеу жарияланды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары