12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстың білім беру ұйымдарының оқушылары үшін көрнекті тарихи тұлға Бауыржан Момышұлына арналған спектакльді көрсетуді ұйымдастырды.
Іс-шара өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиесіне, жастардың арасында заңға, әділдікке, еңбекке және жалпы адами құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға, сондай-ақ көрнекті тұлғалардың тарихи-мәдени мұрасын танымал етуге бағытталған.
Көрсетуге Петропавл қаласының 500-ге жуық мектеп оқушылары қатысты.
Көрсетілім аяқталғаннан кейін оқушылармен әңгімелесу өтіп, оның барысында спектакльдің негізгі идеялары, олардың қазіргі жастар үшін өзектілігі, сондай-ақ заңға бағынатын, жауапты және саналы азаматты қалыптастырудағы атақты тұлғалардың тарихи және рухани мұрасының маңыздылығы талқыланды.
Кәмелетке толмағандарға құқықтық, патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбие беру жөніндегі жұмыс жалғасады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер