30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПетропавлдық балалар полицейлерге жол апаттарының алдын алуға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Петропавл қалалық полиция басқармасы құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырды.
Оқи отырыңыз:
Оларға жол-көлік апатарына бей-жай қарамайтын 8 бен 10 жас аралығындағы белсенді балаларды қатыстыруға ювеналдық полицейлер көмектесті. Жас петропавлдықтар “Әкем мен ана, рөлге отырғанда есіңізде болсын: біз сізді үйде күтеміз” деген мемлекеттік және орыс тілінде жазулары бар плакаттарды алып, қаладағы қозғалысы көп көшелермен жүріп өтті.
Өкінішке орай, жол қозғалысының кейбір қатысушылары жол жүрісі қағидаларын елемейді. Көлікті басқару кезінде телефонды қолдана отырып, қала ішіндегі сапардан үйге орала алмауыңыз мүмкін. Өткізілген флешмобтың мазмұны осыған арналды. Түсірілім 28 шілдеде өткізіліп, сол күні бейнеролик Петропавлдағы әлеуметтік желілерде пайда болды. Әкелері мен аналарын аман-сау көргісі келетін балалармен бірге біз барлық жол қозғалысының қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік әр адамның жеке тәртібінен басталатынын естен шығармаңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Әлібек Ғабдуллин.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды