13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз7 желтоқсанда Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жыл сайынғы республикалық форумы өтеді.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет, қоғамдық ұйымдардың, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, өңірлік Қоғамдық келісім кеңестерінің басшылары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысады.
Форумда ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қоғамдық бақылаумен қамтамасыз етудегі қызметінің басым бағыттары мен нәтижелері қаралып, сондай-ақ, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған басқа да жобалардың қорытындылары шығарылады.
Форумның бағдарламасында «Қызылжар су» ЖШС Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу, медиация және әлеуметтік желілердегі PR технологиялары бойынша тренингтер, «Абылай хан резиденциясы» музейлік кешеніне экскурсия жасау қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылы еліміздің барлық өңірлерінде Қоғамдық келісім кеңестері құрылды. Облыстар, қалалар, аудандар, елді мекендер және ірі кәсіпорындар деңгейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 3014 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды