7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Петропавлда қала күніне орай Петропавлда «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2025» атағына арналған облыстық көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтіп, жеңімпез мекеме анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты іс-шарада облыстың түкпір-түкпірінен келген үздік ауылдық өнер ұжымдары вокал, хореография және аспаптық орындаушылық бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Марапаттау рәсіміне Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ғабит Мүсірепов ауданы гран-при мен басты жүлде — шағын автобусты жеңіп алды.
Бұл байқау мен гала-концерт жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы қайта жаңғыртылған бұл шараны жыл сайын өткізіп тұрамыз. Бұл ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін ашуға және таланттарды қолдауға мүмкіндік береді. Өнерпаз мұғалімдер, механизаторлар мен қарапайым ауыл тұрғындары ауыл мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді, — деді облыс басшысы.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?