6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПетропавл қаласында қызымен тіл табыса алмаған ата-ана оны соққыға жыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 жасар қыз баланың денесіндегі жарақаттарды мектеп медбикесі көріп, дереу полицияға хабарлаған. Тексеру барысында оның 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып-соққаны мәлім болды. Олар бұл әрекетін қыздың тіл алмауымен түсіндірген. Қазір соққыға жығылған қыз ауруханада ем алып жатыр.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл қаласы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді, дейді СҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі