2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліПетропавлда антисанитарлық жағдайда алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды, деп хабарлайды El.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойыншадепартаменті Петропавл қаласында алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цех қызметініңжолын кесті.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында антисанитариялық жағдайда суррогат спиртін облыс аумағындағы сауда нүктелері арқылы сату үшін қаланың өнеркәсіптік аймағы аумағындағы қойма үй-жайы жойылды.
Тексеру барысында көлемі 16 мың литрден астам пластикалық ыдыстардағы спирт және құрамында спирт бар сұйықтық, сондай-ақ суррогат спиртін пластикалық ыдыстарға құюға арналған құрылғылар алынды.
Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс