Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсДүйсенбі күні қалада 30-ға жуық саяжайды су басқан болса, сейсенбіде Петропавлдың шетінде орналасқан жүздеген саяжай аумағына су кірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және жайылма арқылы судың ағуы салдарынан 672 саяжай аумағына су кірді. Зардап шеккендер және тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі жыл сайынғы маусымдық сипатқа ие", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментініңбаспасөз хатшысы Евгений Журавлев.
Сондай-ақ қалада республикалық маңызы бар жолдардың екі учаскесін су басқан. Республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тас жолының 528-ші шақырымында Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан Петропавл қаласындағы Заречный ауылының маңындағы тас жолдың үстін су басқан.
Жолдың осы учаскесінде су қоймасын пайдалану ережелеріне сәйкес Петропавл су гидроторабының су бұру арнасы жобаланған.
Полиция қызметкерлері мен жол қозғалысы ұйымдары ескерту белгілерін қойды. Учаскеде көлік жүруіне тыйым салынған, кезекшілік ұйымдастырылған.
18 сәуір күні таңғы сағат 8-дегі мәлімет бойынша су тасқынының ұзындығы 250 метр, тереңдігі 55 сантиметрді құрайды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды