Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПеруде туристер мінген шағын ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық 13 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 2026 жылдың 2 тамызында елдің оңтүстігіндегі Наска қаласы маңында болған, деп жазады el.kz интернет порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Писко әуежайынан жергілікті уақытпен сағат 12:55 шамасында ұшып шыққан. Көп ұзамай әуе кемесі Наска қаласына жақын маңдағы егістік алқапқа құлаған. Ұшақ бортында 11 жолаушы мен екі экипаж мүшесі болған. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенімен, апат салдарынан ешкім аман қалмаған.
Қазіргі уақытта Перу полициясы мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің мамандары апаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Тергеу аясында ұшақтың техникалық жағдайы, ауа райы және экипаждың әрекеттері жан-жақты тексерілмек.
Айта кетейік, Наска қаласы Перудің оңтүстігінде орналасқан және әлемге әйгілі Наска геоглифтерімен танымал. Шөлейтті аймақта орналасқан алып суреттер ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Осы тарихи нысанды тамашалау үшін жыл сайын өңірге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист келеді. Туристік бағыттарда шағын ұшақтармен әуеден экскурсия жасау кеңінен таралған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек