30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПеру археологтары көпшілік назарына теңдессіз олжа ұсынды – жасы шамамен 12 миллион жыл болатын ежелгі теңіз шошқасының қаңқасы табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Agence France-Presse (AFP) дерегінше, ұзындығы 3,5 метрге жететін бұл қазба шілде айында Лимадан шамамен 350 шақырым оңтүстікте орналасқан Окукахе шөлінен табылған.
Бұл ерекше олжаны палеонтолог Марио Урбина анықтаған. Ол Писко геологиялық формациясында жүргізген зерттеулерімен танымал. Бұл аймақ теңіз жануарларының жақсы сақталған қазба қалдықтарымен бүкіл әлемге мәлім.
Палеонтолог Марио Гамарра:
Қазбаның осылайша жақсы сақталуы бізге бұл жануардың қалай жүзгенін, немен қоректенгенін және қанша уақыт өмір сүргенін зерттеуге мүмкіндік береді, - дейді.
Айта кетейік, Окукахе шөлі бұрыннан «қазба аңшыларының жұмағы» саналады. Мұнда бұған дейін де ергежейлі киттердің, дельфиндердің, акулалардың және миоцен дәуірінде (5-23 миллион жыл бұрын) өмір сүрген басқа да теңіз жануарларының қаңқалары табылған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды