23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПерсеид жұлдыздар ағыны (астрономиялық құбылыс) жер мен Свифт-Таттл кометасының тұспа-тұс келуінің әсерінен пайда болды. Одан бөлініп шығатын мұз қиыршықтары мен шаң-тозаңның жер атмосферасында жанып кетуі жұлдызды жаңбыр болып көрінеді.
«NASA» мамандарының болжамына сенсек, биыл «жұлдызды шоу» ерекше қанық болмақ. 11-нен 12 тамызға қараған түні аспаннан сағатына 200 метеорды көруге болады.
Дүниежүзілік метерологиялық ұйымының (IMO) хабарлауынша, «жұлдыздар шоуын» жазық алаңқайда тамашалаған әсерлі болмақ. Қалалықтарға осы ғажайып көріністі қала сыртына шығып қарауды ұсынады. Өйткені қала шамы мен биік нысандар құбылысты айқын көруге кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, қараңғылыққа 20 минуттай қарап көзді үйреткен жөн.
Қала сыртына шыға алмайтындар үшін «NASA» өзінің ресми сайтында тікелей трансляция таратады. Естеріңізге сала кетейік, «Персеид түнін» 24 тамызға дейін бұлтсыз аспаннан көруге болады.
Фото: Вадим Балакин
Ая Өміртай
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады